Қармақшы ауылдық кітапханасында "Көп оқыған -көп білер" деген тақырыпта оқырман бенефисі өткізілді. Кітапханада "Кітапхана мақтаныштары" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Жыл көлемінде көп кітап оқыған оқырмандар А.Өмірбекова, Г.Қожабай, Ә.Амангелдиевтер бенефистің төрінен табылды.
Шараға қатынасқан ауыл әкімі О.Өткелбай қатынасушыларға кітапхананың пайдасының зор екендігін, кітап оқу керектігін, кітапханамен тығыз байланыста болуларын айтып, белсенді оқырмандарға өз ризашылығын білдірді. Белсенді оқырмандарға Алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етілді.