Негізгі бет

22 Наурыз Ұлыстың ұлы күні мерекесіне орай Қармақшы аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінде" Бірлік пен береке тойы- Наурыз" атты мерекелік кеш болып өтті. Кешке кітапхана оқырмандары, кітапханашылар, көрші балабақша қызметкерлері, музей қызметкерлері, № 26 мектептің кітапханашылары

қатысты. "Наурыз - көктем, жыр - думан" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Келген қонақтарға қазақтың салты бойынша келіндердің "сәлем салу" салты және "Ақ алып шығу"салты көрсетілді. Бұл "ақ алып шығу" ауызды ақтан айырмасын деген ниетпен киелі салт, адалдық ұғымды білдіреді. Халық дәстүрінде ауылға келген көштің алдынан шығу - адамгершілік, мұсылманшылық, болашақ көршілік парыз. Ақ алып шығу " осы ақтай таза, дәмді болайық" деген тілекті білдіреді. Мұндай жағдайда жаңа көшіп келгендер ризалық білдіріп алғыс айтады.Сонан соң келген қонақтарға наурыз көжеден дәм ұсынылды. Наурыз көженің дәстүрлік,мерекелік ұлттық тағылымы өте зор. Ол барлық адамдарды жомарттыққа, ізгілікке, ұйымшылдыққа, таттулыққа, бірлікке шақырады. Кеш соңында кітапхана оқырманы Пірімжаров Аманжол аға дастарханның батасын берді.

 

19.03.2019 жыл

Қармақшы ауданы туралы

new-books

ҚР Мемлекеттік рәміздер

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы

ҚР Президенті Жолдауы

Электронды үкмет порталы

Статистика

Бүгін2
Кеше61
Осы аптада2
Осы айда697
Барлығы16587

Сайтта қазір
2
Online