Негізгі бет

IMG-20200129-WA0001

АУДАНДЫҚ КІТАПХАНАДА "АБАЙ" ЗАЛЫ АШЫЛДЫ. Ұлы ақын, Қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына байланысты орталық кітапханада "Абай" залының ашылу салатанаты болды.

"Абай" залының қорында 200 ден астам Абай шығармалары мен Абайды зерттеушілер М.Әуезовтың,З.Ахметовтың, М.Мырзахметовтың, Р.Сыздықованың,Ә.Қоңыратбаевтың,Д.Омаровтың,Д.Досжанның,Ғ.Есімнің Абайдың өмірі мен шығармалары туралы басылымдар.Құнды жинақтар қатарында М.Ауезов"Абай" роман.(1948), Абай (Ибрахим) Құнанбаев "Ғылым таппай мақтанба" өлеңдер жинағы.-Қазақстан мемлекеттік көркем әдебиет баспасы(1950),"Таңдамалы шығармалары"(1952),"Шығарманың толық жинағы" 2том(1954), "Стихотворения поэмы прозы" Москва (1954), М. С. Сильченко"Творческая биография Абая"(1957), М. Әуезов "Абай жолы" роман(1952) әдебиеттер бар. Сонымен қатар 1965 жылы салынған "Абай" портреті. Авторы белгісіз, сол кездегі аудандық кітапхана меңгерушісі Қантай Аманова апай тапсырыс беріп салдырған. Залдың ашылу салтанатына аудан әкімі Қалдарбеков Мұса Оспанұлы мен аудан әкімінің орынбасары Омаров Жарқын Тұрмаханұлы және де ауданымыздың ардагерлері мен мәдениет саласында еңбек еткен ардагер кітапханашылар қатысты. "Абай" залының ашылу лентасын Мәдениет саласының ардагері Жанақаева Бибайша апай мен кітапханамыздың тұрақты оқырманы Ұзақбаев Әлім ағай қиды. Орталық кітапхананың директоры Қаниева Күлшара Бөгенбайқызы "Абай" залын келген қонақтарға таныстырды. Данада дара ақынымыз Абайдың мұрасы сөз өнері әрқашанда оқырман қауымның жүрегінен орын табатына сеніміміз мол.

 

IMG-20200129-WA0002

IMG-20200129-WA0003

IMG-20200129-WA0004

IMG-20200129-WA0005

IMG-20200129-WA0012

IMG-20200129-WA0013

IMG-20200129-WA0020

IMG-20200129-WA0022

IMG-20200129-WA0023

28.01.2020 жыл

 

 

Қармақшы ауданы туралы

new-books

ҚР Мемлекеттік рәміздер

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы

ҚР Президенті Жолдауы

Электронды үкмет порталы

Статистика

Бүгін2
Кеше61
Осы аптада2
Осы айда697
Барлығы16587

Сайтта қазір
2
Online