Негізгі бет

104700383 1112727609127765 6033154508865347252 n

Дара Абайды Қазақтың жүрегі деп білемін!

Жүректі шер меңдесе,таба алады кім емін!?

Ақындардың ірісі,ғашықтардың пірі едің,

Жайған сәби саусағын,қайран менің жүрегім!

 

Қазақ халқының ұлы ақыны,кемеңгер ұстазы,туған елінің мың жылдық мұңын шерткен Абай мұрасы мәңгілік мұра.

Бүгін
ІІІ Интернационал ауылдық онлайн кітапханасының ұйымдастыруымен,
"Достық Жер МК"ЖШС, "Абай-Дәулет"ЖШС директоры,меценат М.А.Сәрсенбаевтың демеушілігімен,
Ұлы ақынның даналығын,рухани асыл мұраларын насихаттау мақсатында
Қазақтың ұлы ақыны А.Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған"Абай қазақ поэзиясының биік шыңы"тақырыбында көрерменсіз,әділ қазылар алқасының қатысуымен өнер сайысы болып өтті.
Сайысқа 7 /жеті/ Абай өлеңін жан-тәнімен,ыстық жүректерімен сүйетін оқырмандар қатысты.
Олар ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқудан,қара сөздерін көркем шеберлікпен,әндерін шырқап,М.Әуезовтің "Абай жолы"романынан сахналық қойылым көрсетіп өз ара сайысқа түсті.
Сайысқа төрелік еткен әділ қазылар алқасы:
Г.Тоқтарбекова-ауылдық кітапхананың тұрақты оқырманы,ІІІ Интернационал ауылдық округі әкімі аппаратының уақытша міндетін атқарушы,
Р.Аманова-кітапхана оқырманы,ауылдық емхананың мейірбикесі,
И.Умирзакова-мәдениет үйінің әдіскері.
Міндеттері:қатысушылардың өнеріне талдау жасап және ең жоғарғысы 10 ұпайлық жүйемен бағалау,жеңімпаздарды анықтау және жүлделі орынға бөлу.
Нәтижесінде әділ қазылар алқасының шешімімен жүлдегерлерге қаржылай сертификаттар табысталып,
Қармақшы Ауданының әкімі М.О.Қалдарбековтің Алғыс Хатымен марапатталды.
#Бас жүлдеге ие болған "Достық"балабақшасының тәрбиешісі Ибрагимова Сара-
50 000 теңге қаржылай сертификатымен марапатталды.
орын-Меңдібілла Алима-30.000 теңге сертификат.
#ІІ орын-Баймағамбет Қанат-20 000 теңге.
#ІІІ орын-Мырзабекова Жібек -15 000 теңге.
Қалған қатысушыларға ынталандыру -10 000 теңге қаржылай сертификат және Қармақшы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры К.Қаниеваның Алғыс хатымен марапатталды.
Өнер сайысына қатысушыларға және демеушілік көрсеткен меценат М.Абайұлына арнайы рахметімізді айтамыз,еңбектеріңіз жемісті болсын әрқашан жолдарыңыз ашық болсын.
Абай ақынымыз бізбен бірге мәңгі.Абайдың жырларын жырлап,өлеңдерін жаттап,Абаймен бірге жасайық.

Қармақшы ауданы туралы

new-books

ҚР Мемлекеттік рәміздер

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы

ҚР Президенті Жолдауы

Электронды үкмет порталы

Статистика

Бүгін28
Кеше57
Осы аптада126
Осы айда1655
Барлығы4763

Сайтта қазір
1
Online