
Модельді ауылдық кітапхананың ашылуы
Бүгін Дүр Оңғар ауылы үшін ерекше күн. Мәдени, рухани, ақпараттық білім беру орталығы саналатын ауыл кітапханасы заман талабына сай жаңаша жабдықталып, «Модельді ауылдық кітапханаға» айналып отыр. Модельді кітапхана – оқырмандарға кітапханалық қызмет көрсетуді жоғары сатыға көтеретін жаңа кітапхананың стандарты.
Қош, келдің Әз наурыз
«Ұлыстың ұлы» күні Наурыз - күн күнтізбесі бойынша Жаңа жылдың алғашқы күні, ол көптеген түркі мәдениеттерінде 21 наурызда, көктемгі күн мен түннің теңелген күнінде басталады.Ол ежелден табиғаттың жаңаруының нышаны болып келген, құнарлылыққа табынумен, тіршілігі семген және
Сұлу сөзді Сайын ата
Балалар кітапханасында «Сұлу сөзді Сайын ата» атты «Жусан исі» повесіне арналған әдеби талдау өткізілді.Әдеби талдауға № 105 мектеп оқушылары белсене қатынасты.
Жырларым жүрегімді тербегенде
Аудан әкімінің қолдауымен Ардагерлер кеңесі және аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен ардагер ақын, Қазақстан Республикасы "Білім саласының үздігі" Талайлы Досымованың 60 жылдық мерейтойына арналған "Жырларым жүрегімді тербегенде" атты шығармашылық кеші болып өтті.
Сыйнар ем ана деген тәңірге
Қалалық кітапхана №30 орта мектептің педагогикалық ұжымымен бірлесіп, "Сыйнар ем ана деген тәңірге"атты ақын, кітапхана саласының ардагері Н.Торманованың қатынасуымен кездесу кеші өткізілді. Ақынның шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Естен кетпес отты жылдар
Кездесу кешін оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Л.Сыздықова жүргізіп отырды. Кездесуге "Ауған және аймақтық соғыс ардагерлері" қоғамдық бірлестігінің төрағасы А.Ерманов, Ауған соғысының ардагерлері Ә.Ысқақов, Е.Жесіғұлов, Қ.Мырзаұлы, Б.Тәтпенов, Б.Ақтаевтар қатынасты.