
Отбасы күні
Отбасы-адамның өте маңызды,өте жауапты жанұясы,себебі отбасы адамға бақыт,толық мәнді тыныс-тіршілік әкеледі.Қоғамның негізгі мақсаты-адамдарды бақытты ету,ал мұның өзі берік отбасына байланысты.Сондай-ақ бүгін 3-Интернационал "9" Достық балабақшасында отбасы күніне орай "Ата,анам және мен"атты тақырыбында отбасылық-спорттық жарыс болып өтті.Жарысқа Алмат отбасы,Алдажаровтар отбасы,Әбеновтер отбасы,Маликшаевтар отбасы қатысты.
Ұлы дала ел
«Ұлы дала елі» партиялық жобасы бойынша Қазақстанда Отбасы күнін мерекелеу шеңберінде «Нұр Отан» партиясы Қармақшы аудандық филиалы мен орталық кітапхана партиялық тобымен бірлесіп ұйымдастыруымен орталық кітапхана залында жанұялық құндылықтарды нығайту мақсатында «Отбасы тірегім- соғып тұрған жүрегім» атты пікір алаңы болып өтті.
Айбыны асқақ -Ата заң
Қармақшы ауылдық кітапханасында конституция күніне орай «Айбыны асқақ -Ата заң» атты кітапханалық сағат болып өтті.
Конституция-барлық заң салаларының негізі, ал оның нормалары-басқа заңдар үшін басты қағида болып есептелінеді.
Жыр жұлдызы – Көшеней
Елбасының «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында: «Толық өркениетті ел болу үшін алдымен өз мәдениетімізді, өз тарихымызды бойымызға сіңіруіміз керек» делінген.
"Сарыарқа төрінде ғасырлармен үндескен - Астана"
Қармақшы аудандық орталық кітапхананың оқу залында «Нұр Отан» партиясы Қармақшы аудандық филиалының қолдауымен аудандық тарихи - өлкетану музейі мен орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Астана» күніне орай «Сарыарқа төрінде ғасырлармен үндескен - Астана» атты дөңгелек үстел отырысы болып өтті. Шарада «Туған күніңмен асқақтаған - Астана» атты кітап көрмесі, Н.Назарбаевтың «Қазақстан жолы» кітабы, Астана жайлы теледидар арқылы бейнефильмдер, Астана жайлы фотосуреттер көрмесі қатынасушылар назарына ұсынылды.
"Тәуелсіздіктің жиырма бес жылдығын абыроймен атап өту кітапханашылардың басты міндеті"
Тәуелсіздік — халықтың үні, ұлттың тілі мен діні. 1991 жылы - 16 желтоқсанда тәуелсіздік таңы туды. Еліміздің Қазақстан - деген атпен бүкіл әлемге алғаш қадам басқан жылы. Сол сәттен бері міне 25 жыл да өте шықты.