
"Рәміздер тәуелсіздік тұмары"
Еліміздің егемендігін, бірлігі мен тірлігін насихаттайтын рәміздерімізді маңдайымызға басып, құрметтеп өту – біздің адал борышымыз. Ұлттық мерекелердің бірі болып саналатын мейрамды еліміз биыл тоғызыншы жыл тойлағалы отыр. Қазақстан қашан да Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбарлы. Орталық кітапхана «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалымен бірлесіп, Қазақстан Республикасының Рәміздер күніне орай «Рәміздер тәуелсіздік тұмары» танымдық сағатын өткізді.
"Оқырмандардың бос уақытындағы оқылым орталығы - кітапхана"
Аудандық орталық кітапхананың әдістеме - библиография бөлімінің ұйымдастыруымен Ақтөбе ауылдық кітапханасында «Оқырмандардың бос уақытындағы оқылым орталығы - кітапхана» атты зерделі кеңес өткізілді. Зерделі кеңестің жұмысына аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің инспекторы Г. Байкубекова қатынасып отырды. Тақырып аясында дөңгелек үстел болып өтті. Оны кітапхана директоры К.Қаниева жүргізді. Кітапханашылар жүргізіліп жатқан жұмыстары жөнінде пікір алмасты.
"Келіңіз, оқыңыз, көріңіз!"
Аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен "Келіңіз, оқыңыз, көріңіз!" атты акция өткізілді. Кітапханашылар кітапханаға жаңа оқырман шақыру мақсатында №105 мектептің 1-5 сынып аралығындағы оқушыларға балаларға арналған жаңа кітаптарды таныстырды.
"Мәңгілік алау" инсталяциясы
Әрқайсымыз үшін жақын әрі қымбат мереке Жеңіс күні де келіп жетті. Жеңіске жету жолында қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды.
"Қазақ Елі, қазақ тілі-мәңгілік"
Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы аудандық филиалының ұйымдастыруымен өткізілген «Қазақ Елі, қазақ тілі - мәңгілік» атты облыстық семинар - кеңесінің бағдарламасы аясында оған қатынасушылар кітапханалар жүйесінің «Қазақ тілі» қоғамы бастауыш ұйымының жұмысымен танысты.